Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті кәсіпкерлік бойынша білім мен практикалық дағдыларды алуға тілек білдірген барлық адамдарға оларды тұрақты негізде ұсынады. Университеттің білім алушылары мен қызметкерлеріне стартап-жобаларды іске асыруға гранттар түрінде қолдау көрсетіледі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша 2 студенттік жобаны іске асыруға 2,6 млн теңге сомасына инвестиция бөлінді. Университеттің бизнес-инкубаторының қолдауымен "Green Horizon" студенттер жобасы Назарбаев Университетінің "National Conservation Initiative" корпоративтік қорынан 1,3 млн. теңге сомасында қосымша грант алды. Қаржыландырылған стартап-жобаларды дамытудың келесі кезеңі - тауарлар өндірісін бастау және қызметтер көрсету!

Басқа бағдарламалар бойынша идеяны жүзеге асыру үшін грантты қалай алуға болады, жоспарланған нәтижеге қалай тез жетуге болады, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысты қалай болжауға болады? Бұл туралы және тағы басқалар туралы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті бизнес-инкубаторының іс-шараларына қатысу арқылы білуге болады. Іс-шаралар стартап-жобалардың негізін қалаушылардың, кәсіпкерлердің, менторлардың, бизнес-тренерлердің, банктердің, қала мен облыстың салық қызметі өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Бизнес-инкубатордың іс-шараларына қатысу жеке Soft-Skills және бизнесті бастау бойынша практикалық құралдарды пайдалану дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Бизнес-инкубатордың іс-шаралары мен бағдарламаларына қатысушылар команда құрамын таңдай алады, өзекті қаржылық және маркетингтік жоспарларды құрастыру дағдыларын игереді, алғашқы сатылымдарды жүзеге асыра алады.

Инвестиция алу үшін конкурсқа өтінімді бірге жасаймыз, инвесторларға презентация дайындаймыз, жобаның бюджетін құрып, мақсаттарға жету үшін іс-қимыл алгоритмін жасаймыз.

2024 жылғы 18 қаңтарда сағат 16:00-де бизнес инкубатор кәсіпкерлік дағдыларды игергісі келетіндермен ұйымдастырушылық іс-шара өткізеді. Бизнес-инкубатор базасындағы барлық іс-шаралар ТЕГІН өтеді!

Егер сізде технологиялық немесе іскерлік идея болса, әлі болмаса да, өзіңіз туралы ақпаратты тіркеу формасында (формаға сілтеме: http://clck.ru/37Trxq) қалдырыңыз немесе төменде көрсетілген байланыс дерегі арқылы кез келген ыңғайлы тәсілмен хабарласыңыз!

Телефон/ватсап бойынша жылдам байланыс жасау үшін телефон нөмірі: 87011759531.

Бизнес-инкубатор Көкшетау қаласы, Темірбеков к-сі, 30, Ш.Уәлиханов атындағы КУ, бизнес және құқық жоғары мектебі ғимаратының мекенжайындағы 301 дәрісханада орналасқан. 2GIS геолокациясын мына сілтемеден қараңыз: https://clck.ru/37TseL