Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіне медбике қажет етіледі.
Медбике функциялары:
- университет қызметкерлері мен студенттеріне алғашқы медициналық көмек көрсету;
- оқу кабинеттері, шеберхана, спортзал, жатақхана және басқа да бөлмелердің санитарлы-гигиеналық жағдайын бақылау;
- диспансерлік есептегі білім алушыларды бақылау;
- қызметкерлер мен білім алушылардың науқастануы мен жарақаттануы бойынша алдын ала шараларын жүргізу;
- салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жүргізу;
- кәсіби біліктілікті үнемі арттыру;
- өзінің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктері шеңберінде Университет басшылығының және бөлімше басшысының өзге де тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Арнайы орта медициналық білім; мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі; MS Office бағдарламаларымен жұмыс істей білу; қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру.
Резюмені university@shokan.edu.kz поштасына жолдау қажет.