Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
Ұлттық сипаттағы менің асқақ елім!
Авторы:Мухамедина Азалия Азаматовна
3 курс студенті
Топ: ОМК-202
Ұялы тел: 8-777-236-03-67
Электронды пошта: kimdzenni51@gmail.com
Ұлттық сипаттағы менің асқақ елім!
Әр ұлт мейлі үлкен болсын, кіші болсын, мәңгілік болуды қалайды. Бұл заңды құбылыс. Тәуелсіздік ең алдымен халықтың барлық қиындықтарын еңсеріп, дербес егемендікті сақтап қалуына мүмкіндік берген ғасырлар бойы жинақталған дәстүріміз бен кеңпейілдігіміздің жиынтығы. Теңдік, елдік тағдыр мен тірлік тізгінін ұстау үшін алдымен от болып өртендік. Бәрі тарих парағында қатпарлап тізілуде. Бүгінгі өмір келбеті-еркіндік орнаған заман мына болашақ ұрпақ, біздікі. Енді бар ой-арманымыз, ашылған жол бағытымыз бар. Біз мейірімді ұлы ана Қазақстанның перзентіміз. Қара сөзден ой өрбіткенде көп ойландым. Дүрмекке толы дүние дүбірі жүріп өткенмен, тарихи дәуірдің шежірелік ізі сайрап жатыр. Сәулелі үміттей жоғалмай, дәуірімізге жеткен құнды мұралар сыры кеткенімен сыны кетпеген сырлыаяқ сынды. Түпкірінде қым-қуытты тарих сілемдері із қалдырған. Еліміздің күш қуаты артып келе жатқан әрі жас әрі тарихы тереңде жатқан мемлекет. Сонау ата -бабадан өз жалғасын тапқан бүгінгі біздің, ертеңгі ұрпақтың, кешегі бабалардың құт мекені. Ұлы дала төсінде туған ел мәңгілік. Өркениет елдердің технологиялық қажеттілігі жетілгені анық. Сол биіктерге бізге де неге жетпеске деген сауал санамда сайрайды?! Ол үшін көзі ашық, саналы жастар қажет. «Білім кімде болса, сол білікті болады деген екен ғұлама ғалым Ж. Баласағұн.» олай болса, адам баласын ұлы мұраттарға жеткізетін де білім. Мен бақыттымын! Тәуелсіздік алғаннан бері еліміз болашаққа деген жарқын сеніммен алға қарай нық сеніммен қадам басып келеді. Қашан да Қазақстан жерінің қойны құт-қазыналы, табиғаты дарқан. Қазақстан бүгінде экономика мен өрлеудің бастауы.Біз өткенімізді тануға, қазіргі уақытта еркін бағытталуға және келешегімізді болжап, қалыптастыруға мүмкіндік аламыз. Тар заманның тепкісіне төзе алмай, бытырап кеткен қандастарымыздың байырғы ата-жұртына қайта оралуына жол ашылып, құшақ жая қарсы алып, бір тудың астына жиналған бір тұтас ел сомдалды. Ұлтшыл болу керек! Неге десеңіз ұлтшыл болып Алаш ардақтылары тәуелсіздік жеңісін әперді. Айтқанымен ісі ілгері басты.
Біз, келешек ұрпақ, ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған қазақ жерін, оның байлығын, тілі мен дінін сақтауға әрі қарай дамытуға міндеттіміз. Бәйтерек басында қонақтаған самұрық құс сияқты Қазақстан биікке көтеріліп келеді. Болашақ ұрпаққа алып берген үлкен сый. Мұндай мемлекет жоқ деп айта аламын. Өркениет көшіне ілесу жолы жаңа ұрпақ ауысқан сайын келіп өзгеріп отырады. жаңа идеялар,ойлар, олардың жүзеге асуы. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда ғылымға бойлау, жобалау замандастарыма ойға шабыт береді. Жасампаздар өз заманында озық ойлы терең сырлы табиғи талант иелері, сан ғасырлар өтсе де, алдыңғы қатардан орын алары сөзсіз. Бір ойдан бір ой ұшталады. Ақыл-ой деңгейің биіктей береді, талғамы да өзгере өседі. Өзгеріспен, жаңарумен санаспай болмайды. Бұл өмір заңы. Біздерді дербестікке, өз бетімен ойлауға, өмір құбылыстарына өзінше баға беруге баулу,әр қадам сайын өзін ұштайды,жаңалық ашады. Жасампаздықтың тамыры-білімде,әрекеті-бүгінде, нәтижесі –келешекте. Қазақстан болашағы біздер, жастар. Қашанда ел мен елді теңестіретін білім, мәдениет. Тәжірибесі бай, түйгені мол, қосар кеңесі көп жандардан үлгі алып, сол рухани білім баспалдағын жалғастырудамыз. Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді демей ме?! Кім біледі, менің бүгінгі табысты әрекетім – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?! Мен өз арманыма міндетті түрде қол жеткіземін!
Тәуелсіз елде жігерлі жастар, өршіл рухты, талмай еңбек ететіндер бар. Сондықтан, бала күннен бастап Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққа тәрбиелеу керек. Бұл сезімдер біздің халқымыздың қанында ежелден бар. Өйткені дербес елім,тәуелсіз жерім, ана уызымен қанға сіңген қасиетті қазынам-ана тілім бар.Мен еркіндіктің сара жолын салған, тәуелсіздікті ту еткен Абылай, Кенесары хандарымыз аңсап, алып берген тәуелсіз Қазақстан туралы сөз өрнегін кестелеймін. Қазақстан деген сөз сана төріне сан түрлі ой,толғам толқынын әкеледі. Сол тәрізді менің де Отанға деген махаббатым-жұдырықтай жүрегімнің түкпірінде орналасқан,өмірге нәр берер сарқылмас бұлақ,мәңгі алаулы өшпес жанып жатқан жалын.Қазақ еліне,атамекеніне деген сүйіспеншілік сезім нағыз батырды қан майданға жер қорғауға аттандырса,нағыз ақынды да жырлататын осы күш болса керек.
Халқы үшін мыңмен жалғыз алысқан халқына қымбат мұра қалдырған қазақтың шоқтығы биік, дарабоз ақыны Абай атамыздың пәлсапалық ойлары, Қожа Ахмет Яссауи хикметтерінде де қаншалықты парасатты, өнегелі, қарапайым кемелді, білімді болу керек екенін аңғарамыз.Ұлттың тарихы туралы оның өткен замандағы басқа ұлыстармен қатынастары туралы ұғымдарды көп ретте халықтың ұлтаралық қарым-қатынас өрісіндегі саяси бағдарына байланысты.Өткеннің ғибраты-өмірге бағдаршам. Бейбітшілік пен келісім – барлық қиындықтарды жеңуге қабілетті күш. Ортақ міндеттерді шешу кезінде әркім өз өмірін жақсартуға тырысады. Ынтымағы,бірлігі жарасқан ел ғана ертеңгі күнге сенімді. Бірлігі жарасқан еліміз – кез келген тарихи жағдайларда өркендеудің кепілі. Сонымен бірге, озық елдер қатарына қосылу бүгінгі көп ұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімнің болуы да, ең алдымен, қазақ халқының ұлылығын танытса керек. Мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Себебі, қазақ баласы қашанда талапты, талантты, қабілетті. «Береке бар жерде бақ тұрақтайды»- деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Бейбітшілік пен келісім тұрақтылық, ұлттық намыс, ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт - дәстүрімізді жатқызсақ, тіл - қазақ болуымыз үшін, дін - адам болуымыз үшін, салт – дәстүр - ұлт болуымыз үшін қажет. «Сөздің ең ұлысы –тарих!»-деп ұлт ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлы мейлінше, дәл айтқан. Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы, тұтастану тарихы.
Бір сөзбен айтқанда, бүгінде барша қазақ халқының аса зор құндылықтарына айналған оның асыл мол рухани мұралары ұрпақ игілігіне қызмет ете берері сөзсіз. Қазақстанымның рухы биік айбыны асқақ. Ал рухты қалай биіктетеміз? Рух көзі-білім, ғылымда. Білім, ғылымның қайнар бастауы- кітапта. Сондықтан да даналықтан дән іздеуден жалықпайық. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 31 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Сондықтан да болар, Қазақстан қазіргі кезде әлемдік өркениетте орны бар әлеуетті мемлекет ретінде қалыптасты. Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани әлеміміздің жаңа бастауы деп түсінемін. Көш бастаған елдермен қатар жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты.
Рухани зияткерлі жақтан не жетістікке жеттік? Тәуелсізідік арқасында қазағымның асыл арманы әнге айналып, басқа елдермен тереземіз теңесіп, керегеміз кеңейді. Қазір менің замандастарымның бойында ең жанды жалын біреу. Ол туған елге деген сүйспеншілік және қызмет.Отан алдындағы борышты өтеу. Қыран биікте самғап, биіктерге ғана қонады. Олай болса елге қызмет етіп, мақсатқа жетпей мастанбауымыз керек. Сонда өнеге боларлық дүние қалады. Цифрландыру бойынша үлкен жобаларды қолға алсақ, медиакеңістік, цифрлық даму, инновация, өнертапқыштар да көп болмақ. Пандемияда денсаулықтың маңызды екенін ұқтық, түсіндік. Тәуелсіз Қазақтсанның басты байлығы адам. Медицинада тек деректерді ғана цифрландыру емес, адам өмірінің арашасы болатын жағдайда да бірыңғай цифландыру жүйесінің алгоритмін жасар едім. Бұл менің бүгінгі арманым, болашақтағы іске асырар әрекетім. Алдыңғы қатарлы шет елдік университеттермен пилоттық жобалармен ғылымды, өндірісті интеграциялау бойынша жұмыс қарқынды жүргізілсе, елдің өркендеуіне үлес қосар жастар көп болар еді. Икемді модель де қалыптасады. Адамдар-үдерістер-технологиялар бағытын қарқынды дамыту. Мықты ұлттық ғылыми жобалар өндіріске енер еді, еліміз одан әрі гүлденер еді. Тірнектей берсем, тізіліп кете береді. Мәселе білімді, саналы болып, еліміз үшін тың дүниелер жасау, қызмет ету. Халықаралық стандартқа сай , мәдениетті де өркениетті ел ді де жасайтын адам, ал адамды жасайтын мәдениет, ұлттық рух. Ғылымға ден қойсақ, қарышты қадам, болашақ игілігі үшін инвестиция болмақ.Көп нәрсе өзгерді... Болашақ дәрігер ретіндегі өркендеген Қазақстаным туралы көзқарасым, ойымның көкжиегі. Әріректен өрбітсем, қай елдің әдебиеті мен мәдениеті, өнері мәуелі болса, сол елдің еңсесі тік, өресі өрісті, мәртебесі жоғары, еңбегі жемісті болмақ. Руханият әлеміне көзқарас өзгерсе, шамшырақ жағылар еді. Ұлттық сипаттағы ұлт жұмысы-үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек. Қазақстанымызды алдымен өзіміз құрметтеп, басқаларға ісімізбен көрсетіп, егемендіктің баянды болуына қызмет етейік!