Қазақстанның Ғылыми қызметкері күніне арналған іс-шаралар жалғасуда! 2023 жылдың 18 сәуірінде Ualikhanov University "Мектеп және университет: ғылыми ынтымақтастықтың қырлары" атты оқушылардың жыл сайынғы дәстүрлі ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференцияға Ақмола облысы, Астана қаласының 7-11 сынып оқушылары, мұғалімдері, мектептердің жетекші педагогтары және университеттің оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.
Пленарлық отырыста ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі проректор Айгуль Досжановна Жакупова құттықтау сөз сөйлеп, зерттеу дағдыларын мектеп жасынан дамытудың маңыздылығын және елімізге заманауи ғылымдарды игеріп, оларды өндірістік процестерге тез енгізетін жаңа зерттеушілер, өнертапқыштар қажет болғандықтан, жыл сайын өткізілетін конференцияға өңір оқушыларының қызығушылығы артып келе жатқанын атап өтті.
Биылғы жылы оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясына 288 мектеп оқушысы, оның ішінде 14 ғылыми бағыт бойынша 228 баяндама жасағысы келген оқушылар өтініш берді.
Конференцияға Ақмола облысының, Степногорск, Көкшетау қалалары, Бұланды, Бурабай, Атбасар, Аршалы, Астрахан, Зеренді, Сандықтау, Жақсы, Егіндікөл, Шортанды, Целиноград аудандарының білім беру ұйымдарының және Көкшетау қаласы мен Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары қатысты.
Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының басшысы Еркін Жаргүлбайұлы Оразов өз сөзінде оқушылардың зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетіп, қатысушыларды алдағы жобаларға ынталандырды.
Конференция қонағы т.ғ.к., қауымдастырылған профессор, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының үздіксіз білім беру институтының бас ғылыми қызметкері Мұхамедханова Алмагүл Кеңесханқызы «Модернизация среднего образования и подготовка педагогических кадров» баяндамасын ұсынып, бүгін мектептерде ойлау, есте сақтау қабілеті, қабылдау жылдамдығы, сөйлеу ырғағы басқа оқушылардың жаңа буыны өсіп келе жатқанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, баяндамада білім алушылардың шынайы өмірге дайындығы туралы мәселе көтерілді.
Қауымдастырылған профессор, PhD докторы Бөкен Гүлназ Сайлаубайқызы «Мектеп пен ЖОО ынтымақтастығы шеңберінде ғылыми-зерттеу қызметін дамыту негіздері» баяндамасында университет оқушылардың ғылыми білімін қалыптастыруды қалай қамтамасыз етеді және осы бағыттағы мұғалімдерге әдістемелік қолдау қалай көрсететіні туралы айтты.
Ualikhanov Universit университетінің түлегі, ал қазір "Bolashaq Saraiy" шығармашылық үйінің ғылыми-зияткерлік бөлімінің меңгерушісі Айшуқ Еділ Жұмабекұлы конференцияға қатысушыларды "Bolashaq saraiy" білім беру зертханалары базасында жаратылыстану-математика ғылымдарын зерттеуге шақырды. "Пәнаралық (STEAM) технологиялар – оқыту мен болашақ мансап үшін жаңа мүмкіндіктер" баяндамасында оқушыларға қосымша білім беруді ұйымдастыру, білім алушылардың ҒЗЖ практикалық нәтижелері туралы ақпарат қамтылды.
Щучинск қаласы № 4 ОМ директорының орынбасары Айнур Абдимараловна Кантарбаева білім беру ұйымындағы оқушылардың ғылыми қоғамының (ОҒҚ) жұмыс тәжірибесі туралы хабардар етті. ОҒҚ - бұл мектеп оқушыларының интеллектуалды, шығармашылық, зерттеу және ғылыми қабілеттерін анықтау және қолдау үшін мұғалімдер мен оқушылардың күш-жігерін біріктіретін ерікті мектеп бірлестігі. Бірнеше жыл ішінде бұл одақ мектеп, аудан, облыс көлемінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізді.
Оқушылардың секциялық отырыстарда баяндама жасау қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, дипломдармен марапатталды.
Конференцияны өткізудің бірнеше жылының қорытындысы бойынша "Мектеп және университет: ғылыми ынтымақтастықтың қырлары" ғылыми-практикалық конференциясы дәстүрге айналып, жыл сайын конференцияға қатысуға қызығушылық артып келе жатқанын айтуға болады.
"Мектеп-университет" белсенді серіктестігі өзінің оң нәтижелерін береді және ғылыми жетекшілерінің басшылығымен Ualikhanov University ғалымдар қауымдастығында өз идеяларын ұсынады.