Бүгін ҚР Ғылым және жоғары министрі Саясат Нұрбек Ақмола облысында өңір тұрғындарымен кездесу өткізді.Саясат Нұрбек 2023 жылғы Қазақстандағы ғылым және жоғары білім саласындағы негізгі жетістіктер мен нәтижелерге шолу жасады. Ол өз сөзінде еліміздің болашақ дамуы үшін білім және ғылым саласын кеңейтудің маңыздылығын атап өтіп, Министрліктің стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарымен бөлісті.Білім беру сапасын жақсартуға, ғылыми зерттеулерді қолдауға бағытталған жоспарлар мен міндеттерге басты назар аударылды. Сондай-ақ, жаңа технологиялық және әлеуметтік өзгерістерге сәтті бейімделу қажеттілігі баса айтылды.“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сайлауалды бағдарламада ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. Соңғы үш жылда ғылымды қаржыландыру 3 есе өсті. Қазақстанда ғылым бар. Бұған біздің ғалымдардың жарқын жаңалықтары дәлел бола алады. Университет ғылымына көптеген жастар тартылуда. Енді сіз ай сайын жаңа жобалар, нақты жетістіктер туралы естисіз”, - деп атап өтті министр.С.Нұрбек Қазақстанда білім мен ғылымды табысты дамытудың негізгі факторы ретінде билік, білім беру мекемелері мен қоғам арасындағы әріптестік қатынастар әрі өзара іс-қимылды орнатудың маңыздылығына тоқталды.Өз сөзінің соңында ведомство басшысы биліктің, білім беру мекемелері мен қоғамның бірлескен күш-жігері қазіргі әлемдегі Білім және ғылым жүйесінің алдында тұрған сын-қатерлерді еңсеру үшін қолайлы жағдайлар жасайтынына сенім білдірді. Тығыз ынтымақтастық пен инновацияларды енгізу арқылы ғана біз білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ете алатынымызды, сондай-ақ тез өзгеретін технологиялық және әлеуметтік талаптарға сәтті бейімделе алатынымызды алдыға тартты. Халық оқу гранттарына, ЖОО инфрақұрылымына, басқа өңірлерден студенттерді тартуға қатысты сұрақтар қойды.Сондай-ақ, "Серпін" гранттық бағдарламасын қамтуды ұлғайтуды, студенттердің бакалавриатта оқу мерзімін қысқартуды қарастыру туралы ұсыныс шығарылды.Министр осы сұрақтарға толық жауап беру арқылы Astana IT University мысалын келтірді."Astana IT University базасында Кредиттік сағаттарды қысқартпай және оқу процесіне зиян келтірмей 3 жылдық бакалавриаттың пилоттық жобасы енгізілді. Қазір бұл жаңалық сәтті жұмыс істеп жатыр деп айтуға болады. Оқудың үшінші жылында жұмыс берушілер өз курстарымен сөз сөйлейді, практикаға, жұмысқа шақырады. Сондай - ақ, университеттерге адъюнкт-профессураны енгізуді бастаймыз, нарықтың үздік мамандары ЖОО-лар мен студенттер бұдан әрі жұмыс істеу үшін қандай білім мен дағдылар қажет екенін ескеруі үшін оқыту жүргізеді", - деп атап өтті ведомство басшысы.Саясат Нұрбек өз сөзін еліміздің білім және ғылым саласындағы жаңа белестерге табысты жолын қамтамасыз ету мақсатында әріптестік пен өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға шақырумен аяқтады.Айта кетейік, өңір тұрғындарымен кездесуден кейін министр азаматтармен жеке қабылдау өткізді.