Ш. Уәлиханов университетінің Карьера орталығының қолдауымен Жастар ресурстық орталығы Агротехникалық институты мен Бизнес және құқық жоғарғы мектебінің студенттеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — түлектерді жұмысқа орналастыруға көмектесу.Жәрмеңкеге «Altyntau» АҚ, «КазАгроМаш» ЖШС, «Отбасы банк» АҚ, «Тыныс» АҚ, Полиция департаменті және басқа да ұйымдар қатысты. Студенттер тәжірибеден өту мүмкіндіктері мен болашақ жұмыс жағдайлары туралы ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар жастардың еңбек нарығында бағдарлануына көмектеседі.