14 ақпанда Ualikhanov University және «Чинсон» «Корей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумға ректор Сырлыбаев М. К. және төраға Лян О. М. қол қойды.


Кездесу барысында Ualikhanov University мен «Чинсон» «Корей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі арасындағы ынтымақтастықты одан әрі перспективалы дамыту, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің тәжірибесімен алмасу үшін қарым-қатынас құру туралы сұрақтар көтерілді.

Меморандум шеңберінде ынтымақтастық жобалары әзірленетін болады, уағдаластықтарға қол жеткізу үшін мәдени алмасу және басқа салалардағы ынтымақтастық саласындағы өзара алмасу жөніндегі іс-шараларды іске асыру және дамыту жүзеге асырылатын болады.