Морфология, физиология және жалпы патология кафедрасы негізінде 2025 жылғы 20 ақпанда қазақ, орыс және ағылшын бөлімдерінің 2-курс студенттері арасында «Иммундық, қан түзуші және ас қорыту жүйелері нормада» пәндері бойынша пәндік олимпиада өткізілді.

Олимпиаданы кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Жангалов Бануржан Баянович ашты.

Инструктаж бен бақылауды кафедраның аға лекторлары Жандарбекова Б.Т. және Мурзагулов Н.А. жүргізді.

Жүлделі орындар келесідей бөлінді:

I орын:

  • Chaubey Praveen Kumar (МедА-233)

II орын:

  • Мельников С.В. (МедР-232)
  • MD Emon Ali (МедА-233)

III орын:

  • Петров Д.В. (МедР-232)
  • Sabrina Mohabati (МедА-233)
  • Елтаев Д.Ж. (МедР-232)

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға алғысымызды білдіреміз және оқу мен кәсіби қызметте табыс тілейміз. Сондай-ақ, олимпиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырған ұжымға ризашылығымызды білдіреміз!