"Тау-кен ісі, құрылыс және экология" кафедрасында "EcoCollaboration" студенттік экологиялық клубы жұмыс істейді. "EcoCollaboration" студенттік клубының мақсаты - экологиялық дүниетанымды қалыптастыру және студенттердің экологиялық мәдениетін арттыру. Клуб экологиялық мәселелер, олардың себептері мен салдары және оларды шешу жолдары туралы білім алуға арналған алаң ұсынады. Клубтың қызметіне қатысу қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, оның жай-күйі үшін жеке жауапкершілікті сезінуге және тұрақты дамудың маңыздылығын түсінуге ықпал етеді.

Клуб экологиялық акцияларға, жобаларға және зерттеулерге қатысу арқылы теориялық білімді іс жүзінде қолдануға және студенттерге іс-шараларды ұйымдастыру, деректерді жинау, ақпараттарды талдау және экологиялық шешімдерді әзірлеу сияқты құнды дағдыларды игеруге мүмкіндік береді. Клуб студенттерге экологиялық мәселелерді бірлесіп шешуге, оның қызметіне қатысу арқылы студенттерге экология және тұрақты даму саласында болашақ көшбасшы болуға мүмкіндік беретін көшбасшылық қасиеттерді, ұйымдастырушылық қабілеттер мен командалық жұмыс дағдыларын дамытады.

Табиғатты қорғауға бағытталған пікірлес адамдар тобында жұмыс істеу өз қабілеттеріне деген сенімділікті арттырады және маңызды іске қатысу мүмкіндігін береді. "Экология" білім беру бағдарламасының студенттері мен "EcoCollaboration" клубының мүшелері жыл сайын "Таза Қазақстан" акциясына белсенді атсалысады.

Сонымен қатар, клуб мүшелері жыл сайын "Экология"ББ студенттерінің қатысуымен шебер-класстар, дөңгелек үстелдер және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізеді. "EcoCollaboration" клубының мүшелері "ECO AQMOLA", "AQMOLA POWER" ғылыми-экологиялық көрмелеріне тұрақты түрде қатысады.