Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Жоғары медицина мектебі өткен аптада халықаралық студенттерге арналған...
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Жоғары медицина мектебі өткен аптада халықаралық студенттерге арналған спорт күніне орай есте қаларлық іс-шара өткізді. Аталған шара шетелдік студенттерді біріктіріп, айрықша әсер қалдырды. Іс-шараның басты мақсаты - жастардың денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар әртүрлі мәдениет өкілдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту. Бұл күні барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде болып, достық пен өзара түсіністіктің керемет атмосферасын сезінді. Шараны ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар мен арнайы дипломдар дайындап, қуаныштарын еселей түсті.