Кәсіптік бағыт бағдар беру кездесулерінің басталуы

10.10.2022 ж. қабылдау комиссиясы институттар мен жоғары мектептердің өкілдері Ж.Б. Нұркина, А. Ж. Алиева, Б. А. Нукиев, Ю. В. Лисицын, Е. В. Максименко, Д. Б. Маймаковамен бірлесіп, Көкшетау қаласындағы № 16 жалпы білім беретін мектептің 11 сынып түлектерімен кездесу өткізді.Кездесуде толық ақпарат берілді:- ЖОО-ға түсу ережелері;- ЖОО-ның білім беру бағдарламалары;- ҚР БҒМ және Ақмола облысы әкімінің білім гранттары;- ЖОО-ның шекті балдары;- стипендиялар;- студенттердің ғылыми, қоғамдық өмірі;- студенттік үйірмелер.

Көптеген оқушылар "Жалпы медицина" ББ, "Ақпараттық технологиялар" МББ оқуға түсуге, грантқа қандай балмен түсуге, оқу құнына қызығушылық танытты.Түлектер кеңес алып, үлестірме материал алды.