25 қазан Республика күні қарсаңында Ш.Уалихано ат.Көкшетау университетінде мерекелік іс-шара өтті. Осы маңызды күні университет басқармасымен "Ualikhanov University дамуына қосқан үлесі үшін" III дәрежелі медалімен 3 курс студенті Әбубәкір Рысдәулетті марапаттады.

Рысдәулет университет қабырғасында оқып жүріп, шығармашылық қабілетін дамытуда тынымсыз еңбек етті. Жайдарман клубын құрып, өз тобын үлкен жетістіктерге жеткізді.

Сондай-ақ, университетіміздің ең талантты студенттерінің бірі-Нажиев Мафтунға ерекше марапат табысталғанын мақтанышпен жариялаймыз.

Оған университетіміздің пікірсайыс клубын дамытуға қосқан зор үлесі үшін III дәрежелі "Ualikhanov University дамуына қосқан үлесі үшін" медалі табысталды.Бұл марапат - керемет күш-жігердің нәтижесі.

Студенттерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!