«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Абишева Айдана Мақсұтқызы...
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Абишева Айдана Мақсұтқызы корпоративтік басқару саласындағы беделді халықаралық - Ұлыбритания Директорлар институтының (IoD) Chartered Director біліктілігін иеленді.Аталған мәртебе әлемдік деңгейде корпоративтік басқару саласындағы жоғары кәсіби құзыреттілікті, стратегиялық ойлау мен көшбасшылық қабілеттерді айқындайтын маңызды көрсеткіш саналады.
Бұл жетістік Айдана Мақсұтқызының басқарушылық тәжірибесі мен институционалдық дамуға қосқан елулі үлесінің халықаралық деңгейде мойындалғанын білдіреді.Университеттің стратегиялық дамуына және тиімді корпоративтік басқару жүйесін нығайтуға қосқан маңызды үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
Сізге алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа жетістіктер және барлық жоспарланған мақсаттардың сәтті жүзеге асуын тілейміз!