Ш. Уәлиханов атындағы КУ КеАҚ "Университет – Жұмыс беруші" өзара іс-қимыл жолымен мақсатты түрде жүріп жатыр. Ualikhanov University-нің Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы "Қазаэронавигация" өкілдері мен "Аударма ісі" білім беру бағдарламасы 4 курс білім алушыларының кездесуін ұйымдастырды. Компания өкілдері компанияның қызметі мен миссиясы туралы, оның ішінде шетелде оқу, тәжірибе жинақтау және мансаптық өсу мүмкіндігі туралы айтып берді. ІІО диспетчерінің кандидатына қойылатын негізгі талаптар: жағдайды талдай білу; жауапкершілікті жоғары сезіну, ағылшын тілін білу, стресстік жағдайларда шешім қабылдай білу. Бұл компанияда біздің университеттің түлектері жұмыс істеп, басшылық позицияларға ие болғаны қуантады.