«Ш. Уәлиханов атындағы КУ» КЕАҚ - еңбек нарығы үшін білікті кадрлар даярлау арқылы өңірдің дамуына елеулі үлес қосатын солтүстік өңірдің жетекші жоғары оқу орны. Университетте түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесін шешу үшін жұмысқа орналастырудың тиімділігін және түлектердің мансаптық өсуін қамтамасыз ететін кәсіптік бейімдеу бағытында іс-шаралар өткізіледі.Бүгін Ualikhanov University-нің Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы Үздіксіз білім беру институтының қолдауымен "Күміс университетінің" "Психология" курсы бойынша тыңдаушы топтарының Орман ресурстары; Агрономия; Педагогика және психология; Бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау; Банк ісі және қаржылық менеджмент білім беру бағдарламаларының студенттерімен кездесуін ұйымдастырды. Бұл Ualikhanov University-де білім алатын екі ұрпақтың кездесуі болды. Аға буын өкілдері орман шаруашылығы, агрономия, бухгалтерлік іс саласындағы білім алып жатқан жастармен өмірлік тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Тыңдаушылар университетте қандай курстарға қатысып жатқандарын, бүгінгі таңда олардың қаншалықты қарқынды өмір сүріп жатқанына қызығушылық танытқандарын қуана айтып берді. Кездесу көңілді әсерге, әдемі өлеңдерге, викторинаға, сұрақтарға жауап беру, тренингке толы бір деммен өтті.Аға және жас ұрпаққа оқуда, белсенді өмірлік ұстанымда табыс тілейміз!