Наталья Мейр — шақырылған лектор "Шақырылған шетелдік маман" бағдарламасы аясында.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің магистранттары, докторанттары және оқытушыларына Бар-Илан университетінің (Израиль) ағылшын әдебиеті және лингвистика кафедрасының профессоры Наталья Мейрдің «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардағы статистиканы пайдалану» тақырыбындағы практикалық сабақтар курсын өту мүмкіндігі беріледі. Курс гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардағы зерттеу статистикалық әдістерінің негіздерімен танысуға бағытталған. Қатысушылар ғылыми жарияланымдарды сыни тұрғыда бағалау, деректерді өңдеу және R және JASP бағдарламаларын қолдану арқылы базалық статистикалық талдау жүргізу дағдыларын меңгереді.