Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ұсынысымен жоғары оқу орындары мектеп оқушылары арасында ғылымды кеңінен насихаттауға белсенді атсалысуда. Осы маңызды бастаманың аясында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Ақмола облысы мен Қазақстан Республикасы мектептерінің 7-11 сынып оқушылары арасында «Мектеп және университет: ғылыми ынтымақтастық қырлары» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
Шараның мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау және олардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту. Университет оқу орындары арасындағы белсенді өзара әрекеттесуді ынталандыратын және жастардың зияткерлік әлеуетін ашуға көмектесетін «Мектеп-Университет» ғылыми кеңістігін құруға ұмтылады.Ғылыми-тәжірибелік конференцияға облыстағы түрлі оқу орындарынан 156 оқушы қатысты.
Олар 14 ғылыми бағыт бойынша баяндама жасап, ғылыми зерттеулерге деген жоғары қызығушылықты көрсетті.Ғылыми-тәжірибелік конференцияның әрбір қатысушысы электронды Сертификат алды.
Барлық оқытушылар мен студенттік жобалардың ғылыми жетекшілері Ш.Уәлиханов атындағы университеттің Алғыс хаттарына ие болды.
Жеңімпаздар университет атынан 1, 2 және 3 дәрежелі Дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Университет выражает благодарность всем участникам и организаторам конференции за их участие и активную работу в области научного сотрудничества. Мы надеемся, что это мероприятие станет началом долгой и плодотворной работы по развитию научной культуры среди молодежи региона.