Бүгін, 2025 жылғы 9 сәуірде, Ш. Уалиханұлы атындағы Көкшетау университетінде дәстүрлі мектеп оқушыларына арналған ғылыми конференция өтті. Тақырыбы — «Мектеп және университет: ғылыми ынтымақтастық қырлары».
Конференцияға Ақмола облысы мен басқа өңірлерден келген 7–11 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар әдебиет пен тарихтан бастап математика, биология, ІТ және дизайн саласына дейінгі тақырыптарда өз зерттеулерін ұсынды.
Іс-шара брейншторм форматында басталды: тренингтер, квесттер, ғылыми ойындар мен сұхбаттар өтті. Кейін жұмыс 6 тақырыптық секцияда жалғасты.
Әр қатысушыға конференция қатысушысының жинағы табысталды.
Секциялық отырыстар нәтижесі бойынша үздік баяндамалар белгіленді.
Конференцияны ұйымдастыруға атсалысқан оқушыларға, ғылыми жетекшілер мен кафедра оқытушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз!