Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет.
Студенттерді жұмысқа орналастыру үшін "Веам Career Management Center" (beam) ЖШС платформа енгізді. 5000-нан астам тіркелген жұмыс берушілер осы платформада студенттер үшін өзекті жұмыс орнын ұсынуға дайын. Жұмыс берушілердің саны күн сайын өсіп, елдің ірі кәсіпорындарымен толықтырылуда.
2022 жылдың қараша айының соңында Ualikhanov University мансап және жұмыспен қамту орталығы Beam.kz платформасына студенттерді тіркеуді бастады.
2023 жылғы 23 ақпанында университеттің студенттік Парламентінің белсенділері бас корпустың фойесінде студенттерді платформаға тіркеу акциясын ұйымдастырды. Балалар Beam.kz мүмкіндіктері туралы ақпарат бөлісіп, болашақ түлектер үшін перспективалар бар екенін атап өтті. Сайттағы түйіндемені толтыруға көмектесті.
Өз арманыңыздағы жұмысты табыңыз-сайтқа тіркеліңіз https://beam.kz/