- 26 мамыр күні сағат 17:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында бір мезгілде «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» республикалық акциясы басталады!
- Егер құқық жөнінде сұрақтарыңыз болса және ол жайында сауатты кеңес алғыңыз келсе, ҚР үздік сарапшыларынан кеңес алу мүмкіндігін пайдаланыңыз.
«Халық заңгері» - мемлекеттік орган өкілдерінің, жетекші заңгерлердің, ҚР адвокаттарының халыққа заң бойынша тегін көмек көрсетуі.
- Ұйымдастырушылар: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Параграф» АЖ, zakon.kz желілік басылымы, мемлекеттік органдар, адвокаттар мен заңгерлер.
- Өтетін орны: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 76, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің бас ғимараты. Сондай-ақ акция Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында өтеді.
- Заңгерлердің білікті көмегін қажет ететін азаматтарды күтеміз!