CirculEC жобасы бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы 2025 жылғы 14 сәуірде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде өтті. Отырысқа Испанияның Сантьяго-де-Компостела университетінің профессоры Найля Сайфулина қатысты. Сантьяго-де-Компостела университеті (Испания) және Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті EU ERASMUS+ /KA2/ CBHE 101129169 "Айналмалы экономика және тұрақты даму саласында инновациялық оқу бағдарламалары мен модульдерін әзірлеу" (CirculEC) жобасы аясында серіктес жоғары оқу орындары болып табылады.
Кездесу барысында университеттің келесі оқу жылындағы білім беру бағдарламаларына енгізілетін өзекті оқу материалын әзірлеу мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ екі университет арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сыртқы академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Бұл жобаның тұрақтылығын көрсетеді.