Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті интернационалдандыру стратегиясын іске асырады, оның басты мақсаты әрбір студентті, оқытушыны және қызметкерді ЖОО-ның халықаралық қызметіне тарту болып табылады.

Ualikhanov University ағылшын тілінің 22 оқытушысы ТКТ (Teaching Knowledge Test) халықаралық сертификаттарын алды.

Төрт ай бойы біздің оқытушылар Ноттингем Трент университетінің (Ұлыбритания) оқытушыларымен онлайн режимінде оқыды.

Сәуір айында Ualikhanov University-ті біздің оқытушылармен кездесулер өткізген Ноттингем Трент университетінің екі педагогын қабылдады.

26 наурызда оқытушылар тестілеуден өтіп, бірден халықаралық тесттің үш модулін тапсырды.

Біз әріптестерімізді TKT халықаралық сертификаттау бойынша жартыжылдық жобаның аяқталуымен құттықтаймыз. Сіздерге кәсіби дамуда табыс тілейміз және әрбір оқытушымызды Халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысуға шақырамыз!