«Келешек-2030 баспасы» негізінде Жалпы тіл білімi және әдебиет кафедрасының филиалы ашылды. Филиал аясында «Журналистика» білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып, студенттер нақты өндірістік ортада тәжірибе жинап, кәсіби дағдыларын жетілдіру мүмкіндігіне ие болады.

Филиалдың негізгі мақсаты - студенттерді практикалық дайындықтан өткізу, оқу процесінің тәжірибелік мәнін арттыру, бірлескен ғылыми зерттеулер, әдістемелік семинарлар және кәсіби кездесулер ұйымдастыру.

Салтанатты ашылу барысында қызыл лента қиылып, филиалды ашу туралы келісімге баспаның жетекшілігінен Соловьева Ю.Л. және Педагогикалық институттың директоры А.Т. Бексеитова қол қойды. Ашылу салтанатына кафедра меңгерушісі Л.С. Байманова, Мансап және еңбекке орналастыру орталығының жетекшісі А.А. Тажмиева, кафедрадан филиалдармен жұмыс бойынша жауапты А.О. Негметжанова, сондай-ақ «Журналистика» бағдарламасының студенттері қатысты.

Баспа үйінде арнайы оқу кабинеті ашылды, онда практикалық сабақтар, өндірістік тәжірибе, ғылыми-әдістемелік және кәсіби бағдар беру іс-шаралары өткізілетін болады.

Филиалдың ашылуы білім сапасын арттырып қана қоймай, оқу процесін қазіргі еңбек нарығының талаптарына икемді етіп ұйымдастыруға, сондай-ақ «Келешек-2030 баспасы» мен Ualikhanov University арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Біз студенттердің теория мен практиканы үйлестіріп, кәсіби дағдыларын жетілдіре алатынына қуаныштымыз, бұл оларға журналистика саласында табысты мансап құруға мүмкіндік береді деп сенеміз!