Бүгін, 2025 жылғы 2 қазанда Көкшетау қаласындағы Ю. Гагарин атындағы балабақшада «Педагогика, психология және жас ерекшелік даму» кафедрасының филиалы салтанатты түрде ашылды. Ынтымақтастық туралы келісімге кафедра меңгерушісі Қалымова Әсел Қайратқызы мен балабақша меңгерушісі Ботагөз Бариевна Сарсенбаева қол қойды. Филиалдың мақсаты - білікті мамандарды даярлауды жетілдіру, оқу процесінің практикалық бағытын күшейту, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу. Енді кафедра студенттері филиалда тәжірибе жинап, балабақшада іс жүзінде кәсіби дағдыларын дамытады.Іс-шараға академиялық даму департаментінің басшысы Арман Баймұрзаұлы Хабдулин, кафедра оқытушысы Нұргүл Мейрамқызы Шубаева, сондай-ақ балабақшаның педагогикалық ұжымы қатысты. Бұл ынтымақтастық мектепке дейінгі білім беруді дамыту мен болашақ мамандарды кәсіби даярлауда маңызды қадам боларына сенімдіміз.