Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 2025–2026 оқу жылына арналған инновациялық технологияларды қолдану арқылы өткізілген ашық сабақтар
Қазан айында келесі кафедра оқытушыларының қатысуымен инновациялық технологияларды пайдалану арқылы ашық сабақтар өткізілді:
- Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы – ф.ғ.к., ассистент профессор Қажыбай Аян Төлегенұлы тақырыбы: «Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдай. Хандық дәуір әдебиетінің даму бағыттары мен көркемдік-идеялық ерекшеліктері. Жыраулық поэзияның тарихи тамырлары. ХV–ХVІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. Қазтуған Сүйінішұлы мұралары»;
- Инженерлік технологиялар және көлік кафедрасы – PhD Қалин Арман Қабдрахманұлы тақырыбы: «Шынжырлы берілістер»;
- Тау-кен ісі, құрылыс және экология кафедрасы – сеньор-лектор Нұрмағанбетов Асқар Жамбылұлы тақырыбы:«Құрылыс тас кенорындарын қазу технологиясы»;
- Тау-кен ісі, құрылыс және экология кафедрасы – сеньор-лектор Жаниенов Дидар Берікұлы тақырыбы:«Атмосфералық ауаны ластаушы көздер және олармен күресу жолдары»;
- Ақпараттық технологиялар кафедрасы – техникалық ғылымдар магистрі, ассистент-лектор Құдайберген Айзада Төлепбергенқызы тақырыбы: «Машиналық оқыту алгоритмдері»
Аталған іс-шаралардың мақсаты – оқыту сапасын арттыруға және білім алушылардың танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған педагогикалық әдіс-тәсілдерді көрсету болды.
Сабақтар барысында оқытушылар әртүрлі жұмыс түрлерін ұсынды: тәжірибелік сабақтар, интерактивті ойындар, топтық және жеке жұмыстар. Ерекше көңіл педагог пен студент арасындағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға, қарым-қатынас пен дербестік дағдыларын дамытуға бөлінді.
Сабақтарға қатысқан оқытушылар жоғары дайындық деңгейін, қызықты әрі қолжетімді материалды, студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын атап өтті. Іс-шаралар қорытындысы бойынша нәтижелер талқыланып, оқыту әдістемесін жетілдіру және педагогикалық тәжірибе алмасу жөнінде ұсыныстар берілді.
Өткізілген ашық сабақтар оқытушылар арасындағы өзара байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ педагогикалық ұжымның кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етті.