Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:
- * Өтініш (үміткер толтырады);
- * үміткердің өтінімі (өтінімге 3*4 (1) дана фото);
- * жоғары оқу орнының бірінші басшысының қолымен және жоғары оқу орнының мөрімен расталған жоғары оқу орнындағы бүкіл оқу кезеңі үшін студенттің транскриптінің түпнұсқасы не жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесі не техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның көшірмесі (1-курста оқитын студенттер үшін);
- * үміткердің оқуы үшін ақы төлеу туралы шарттың көшірмесі;
- * үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі;
- * карт-шот туралы анықтаманың көшірмесі;
- * олимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық және/немесе халықаралық чемпионаттарда жүлделі орын алғандар немесе олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша халықаралық чемпионаттарда жүлделі орындарға ие болған үміткерлер растайтын құжаттардың көшірмелерін қосымша ұсынады;* халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын үміткерлер үміткердің (отбасының) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелерін қосымша ұсынады;
- * жастар және волонтерлік ұйымдарының белсенділері болып табылатын үміткерлер ұйымға қосымша өтініш береді.Құжаттар файл папкасына немесе папкаға (құжат тігілетін папкаға) ресімделуі тиіс.