Халықаралық байқаудағы жеңіс
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің «Астықты өңдеу және сақтау технологиясы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Мұхамадиева Адель Сәлімжанқызы 2026 жылғы 20 наурызда Астана қаласында өткен «Орталық Азияның үздік студенті» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.
Байқау қорытындысы бойынша ол Орталық Азия елдерінің жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін I дәрежелі дипломмен марапатталып, сондай-ақ медаль және құрмет грамотасына ие болды.
Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да табыстар тілейміз!