«StartUp Project 2025» байқауының екі кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған жеңімпаздар анықталды!
Біздің жүлдегерлеріміз — болашақты бүгіннен бастап қалыптастырып жатқан мынадай жобалар:
- NomadWay — бүкіл туризм саласын бір жерде біріктіретін жолсерік-платформа.
Жоба авторлары-әзірлеушілері: Калишева Аяжан Серикбаевна, Алькенов Данекер Амангелдіұлы, Жайлыбай Бекжан Халықұлы.
- CODE CHECK — бағдарламалау тапсырмаларын автоматты түрде тексеруге арналған қосымша.
Жоба авторы-әзірлеушісі: Уаисов Дархан Рыспаевич.
Команда мүшелері: Әубәкір Нұрлан Абайұлы, Сидоренко Никита Вальеревич.
- 3D City Tour — 360° форматындағы цифрлық қала.
Жоба авторы-әзірлеушісі:Айткожина Мадина Алмазовна.
StartUp қозғалысының барлық қатысушыларына батыл идеялары, еңбектері және инновацияға ұмтылыстары үшін алғысымызды білдіреміз!