15 қарашада атақты жерлесіміз, батыр, академик, жазушы, қоғам қайраткеріМалик Ғабдуллиннің туғанына 107 жыл толды. Осы айтулы күні Даңқ аллеясындадаңқты батыр ескерткішінің жанында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Мақсат: мемлекетіміздің көрнекті адамдарының бірі Мәлік Ғабдуллиндіқұрметтеу, жерлесіміздің ерлігін насихаттау, жас ұрпақты ұрпақты патриотизмгетәрбиелеу.
Іс-шараға қала, облыс ардагерлері, әкімдік өкілдері, мұражай қызметкерлері,Мәлік Ғабдуллин атындағы No 3 гимназия мектебінің мұғалімдері, әскериқызметкерлер, Ауған соғысының ардагерлері қатысты.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ұжымы, ОПҚ жәнестуденттер атынан ректордың кеңесшісі А.А. Сейтқасымов және қазақ тілі менәдебиеті кафедрасының профессоры Ерболат Баятұлы гүл шоқтарын қою рәсімінеқатысты.Іс-шара соңында қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батырдыеске алды.