Студенттерді кәсіби бейімделуге дайындау оқу кезеңінде қажет. Әлеуметтік әріптестік аясында Ш.Уәлиханов атындағы КУ-нің КЕАҚ Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы 08 желтоқсанда келесі білім беру бағдарламалары бойынша: «Автомобиль көлігін пайдалану»; «Машина жасау және металл кесу технологиясы»; «Тау-кен ісі»; «Есеп және аудит»; «Корпоративтік ақпараттық жүйелер» студенттерге «Новопэк» ЖШС кәсіпорнына экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсияның мақсаты – кәсіпорынның қызметімен, жабдықтармен және өндіріс технологиясымен танысу. Кәсіпорын өкілдері студенттерді өндірісте қолданылатын технологиялық құрал-жабдықтармен таныстырып, кәсіпорынға бүгінгі таңда қандай мамандар қажет екенін, ізденушілерге қандай талаптар қойылатынын айтты. Бүгінгі таңда кәсіпорын студенттерімізді өндірістік тәжірибеге қабылдауға дайын және студенттер арасында қызығушылық танытқандар да бар. Мұндай іс-шаралар таңдаған мамандығына деген қызығушылықты қалыптастырады, түлектің осы қызмет саласына қаншалықты дайын екендігі туралы ойлануға мәжбүр етеді, бүгінгі таңда еңбек нарығында қандай қызметкерлер қажет екенін түсінуге мүмкіндік береді.