АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблум Ualikhanov University-не іссапармен барды. Кездесуде американдық университеттермен ғылым және бірлескен жобалар саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сондай – ақ АҚШ елшілігі қаржыландыратын және «Unicen», «Fellowship», «U.S. – Kazakhstan Partnership» пен «Access» сияқты Ualikhanov University шеңберінде іске асырылған білім беру бағдарламаларының нәтижелері қаралды.

Ualikhanov University жыл сайын оның аумағында ағылшын тілін оқыту бойынша бір жылдық тағылымдамадан өтетін «English Language Fellow» бағдарламасының стипендиаттарын қабылдайды. Биыл бағдарламаның стипендиа иегері Вероника Паппулис қала студенттері мен мектеп оқушыларына сабақ береді.

2023 жылы педагогикалық институттың үш оқытушысы АҚШ-тың Мичиган мемлекеттік университетінде «Pedagogical Innovations» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. Ал, сол жылдың қазан айында «Болашақ» бағдарламасы аясында үш ғалым Мичиган мемлекеттік университетінде және АҚШ-тың UC Davis университетінде ғылыми тағылымдамада болған.Университет топырақты, металдарды және сүт өнеркәсібін зерттеу саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясында АҚШ-тың Пенсильвания штатының университетімен ынтымақтастықты дамытады.

Ualikhanov University «U.S. – Kazakhstan University Partnerships Program» бағдарламасы аясында «University Governance and Financial Management Workshop» жобасының қатысушысы болды.

Бұл жобаны еліміздің алты университеті және Висконсин-Мэдисон университеті жүзеге асырады. Жобаның мақсаты – шетелдік студенттерге арналған қазақ тілі курстарын өткізу.

Ualikhanov University бүгінде американдық университеттермен, АҚШ елшілігімен халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытатын, сондай-ақ халықаралық бірлескен жобаларды іске асыратын күшті өңірлік университет болып табылады.