Ualikhanov University-дің қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Баязитова Зүлфия Ерзатқызын...
Ualikhanov University-дің қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Баязитова Зүлфия Ерзатқызын әйел ғалымдарға арналған академик Найля Базанова атындағы тұңғыш отандық марапаттың табысталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мәртебелі марапат елімізде ғылымның дамуына ерекше үлес қосып жүрген 48 жетекші әйел ғалым мен ғылыми қызметкерге табысталды. Марапатты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев табыс етті. Осындай жоғары марапатқа ие болған үздіктер қатарында университетіміздің ғалымының болуы біздің университет үшін үлкен мақтаныш!
Зүлфия Ерзатқызы - экология және қоршаған ортаны қорғау саласының дамуына зор үлес қосып, көп жылдар бойы ғылыми зерттеулер жүргізіп келе жатқан білікті ғалым. Бұл жоғары марапат Сіздің ұзақ жылдар бойғы ғылыми-зерттеу, педагогикалық және шығармашылық еңбегіңіздің, сондай-ақ экология ғылымын дамытуға қосқан елеулі үлесіңіздің айқын дәлелі.
Сізге мықты денсаулық, жаңа ғылыми жетістіктер, шығармашылық табыс және ауқымды ғылыми жобаларды жүзеге асыруда толағай табыс тілейміз!