Құттықтаймыз!
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор,Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғылыми хатшысы, Тілеубердина Гүлден Тоқатқызын, 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарға гранттық қаржыландыруға арналған конкурс шеңберінде (Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі) "Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер" басым бағыты бойынша AP19574645 "Қазіргі қазақ айтысының типологиясы мен поэтикасы" жобасының мақұлдануымен құттықтаймыз.Жобаны табысты іске асыруды және ғылыми жетістіктерді тілейміз!