2025-2027 жылдарға арналған "Жас ғалым" жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың қорытындысы бойынша біздің университеттің зерттеушілері ұсынған бес жоба ұлттық ғылыми кеңес тарапынан қолдау тапты:
- "Cotoneaster melanocarpus Fisch ex Blytt Cолтүстік Қазақстан жағдайында in vitro дақылында көбеюі" – Айшуқ Еділ Жұмабекұлы ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының сеньор-лекторы.
- " Солтүстік Қазақстан кіші аймақтарының жылумен қамтамасыз ету жағдайларына жаздық бидай шығымдылығының тәуелділігін модельдеу" – ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының сеньор-лекторы Айдарбекова Тойжан Жұмағалиқызы.
- "Көпжылдық жемшөп шөптері мен шөп қоспаларының өнімділігі мен өмір ұзақтығын арттыру" – ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының сеньор-лекторы Салтанат Есетқызы Байдалина.
- "Отандық және шетелдік селекциялық картоптың сауықтыру сорттарының банкін құру және вируссыз негізде бастапқы тұқым шаруашылығын жүргізу үшін отырғызу материалын алу" – Ауыл шаруашылығы және биоресурстар кафедрасының ассистент-профессоры Айжан Маратқызы Сураганова.
- "Антиоксидантты және микробқа қарсы препараттарды қолдану арқылы түйіршіктелген жемнің тағамдық құндылығын сақтау" – университеттің ғылыми қызметкері Ахет Ахама Өнербекқызы
Жас ғалымдарымызды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Жобалардың жемісті іске асырылуын және жаңа ғылыми жетістіктерге жетулерін тілейміз!