Ualikhanov University әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Қапышев Ардақ Қаиржановичке Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығымен «Тарих және археология» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Ардақ Қайыржановичті ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ардақ Қайыржанович тек жетекші ғана емес, сонымен қатар педагог. Профессорлық құрамның осындай жетістіктері университетіміз үшін ерекше маңызды.
Ардақ Қайыржановичке одан әрі шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жетістіктер және кәсіби өрлеу тілейміз! Ғылымға қосқан үлесіңіз арта берсін!