2026 жылдың 12 ақпанында, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің психологиялық кеңес беру кабинетінде психолог Манапова Алтынмен бірлесіп психология мамандығының ПР-242 тобының 2-курс студенттерімен практикалық кейстер мен өмірлік жағдайларды талдауға арналған кездесу өтті.»Сабақ барысында студенттер нақты және моделденген жағдайларды талқылады, психологиялық қысым, конфликтілер, жеке шекаралардың бұзылуы және сталкинг белгілерін қарастырды. Ерте кезеңдегі қауіпті мінез-құлықты анықтау, қауіп-қатерді бағалау және қауіпсіз араласу стратегияларын әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді.Студенттер белсенді қатысып, өз шешімдерін ұсынды және мәселелерге кәсіби және этикалық тұрғыдан қарауды үйренді. Кейстермен жұмыс жасау болашақ психологтарға сыни ойлау, эмпатия және күрделі жағдайларда шешім қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.Соңында студенттер практикум осындай тәжірибелерді түсінуге көмектесетінін және клиенттермен жұмысқа дайындықты арттыратынын атап өтті. Мұндай сабақтар кәсіби құзыреттілікті арттыруға және психологиялық қауіпсіздік пен зорлық-зомбылықты болдырмауға жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.