Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев @maulen_ashimbayev Ақмола облысының белсенді жастарымен кездесті.
Кездесу барысында реформаларды іске асыруда және аймақтың әлеуетін арттыруда жас буынның атқаратын рөлі талқыланды.
Сенат Төрағасы өз сөзінде қазіргі таңда елімізде жастарға жүйелі түрде қолдау көрсетіліп келе жатқанын, осы бағытта кешенді реформалар іске асырылып, стратегиялық бағдарламалар және мемлекеттік жобалар әзірленгенін атап өтті.