Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2025 жылғы 24 желтоқсандағы шешіміне сәйкес Ualikhanov University-дің үш оқытушысы «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері тізіміне енді. 2026 жылы университет оқытушылары Танбаев Хожакелди Қуандикович, Кудерина Балкен Талғатбекқызы және Евлоева Хава Сұлтанқызы Ұлыбританияның жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтеді.

  • Танбаев Хожакелди Қуандикович - PhD, Инженерлік технологиялар және көлік кафедрасының қауымдастырылған профессорының міндетін атқарушы. Ғылыми бағыты - агроинженерия, 12 ғылыми еңбектің авторы.
  • Кудерина Балкен Талғатбекқызы, «Химия» мамандығы бойынша PhD, микробиология, вирусология және биохимия саласындағы пәндер бойынша сеньор-лектор. Ғылыми бағыты - биохимия, микробиология және вирусология. 12 ғылыми еңбектің, «Вирусология негіздерімен микробиология» оқу құралының, сондай-ақ халықаралық ғылыми журналдардағы жарияланымдардың авторы.
  • Евлоева Хава Сұлтанқызы - «Биохимия» және «Биотехнологиядағы өсімдік ұлпаларының культурасы» пәндерінің лекторы. Ғылыми бағыты - биотехнология, ғылыми қызығушылықтары биологиялық тұрғыдан құнды компоненттердің көзі ретінде өсімдіктерді зерттеуге бағытталған.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының тағайындалуы оқытушылардың жоғары ғылыми әлеуетін мойындаудың айқын көрінісі әрі Ualikhanov University-дің халықаралық академиялық ынтымақтастығы мен ғылыми зерттеулерін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Ғылыми тағылымдамалар заманауи білім мен озық тәжірибені трансферттеудің тиімді құралы ретінде отандық ғылым мен өндірістің дамуына ықпал етеді.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз және ғылыми тағылымдамадан сәтті өтіп, жаңа кәсіби жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!