Erasmus+ KA2 CirculEc жобасы аясында Орталық Азия жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған айналмалы экономика саласындағы әлеуетті дамыту бойынша оқыту тренингтері жалғасуда.

Неаполь университеті Федерико II (Неаполь қ., Италия) өткізген тренингтен кейін эстафетаны Fachhochschule des Mittelstands (FHM) (Билефельд қ., Германия) қабылдады. Fachhochschule des Mittelstands (FHM) университетінде оқытушыларға арналған оқу 2025 жылғы 17-21 наурыз аралығында өтеді. Германиядағы тренинг аралас форматта ұйымдастырылады. Офлайн форматта әрбір серіктес университеттен 2 оқытушы қатысады, ал серіктес университеттердің жұмыс топтарының қалған мүшелері онлайн түрде қосылады.

Бұл кәсіби тренингтер сериясы Erasmus+ KA2 CirculEc жобасының маңызды бөлігі болып табылады және Орталық Азия елдерінің (Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстан) жоғары білім беру жүйесі үшін адами капитал қалыптастыруға елеулі үлес қосады.

Тренингтер Орталық Азиядағы серіктес оқытушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған. Олар таңдалған пәндер бойынша (Аумақтық және қалалық ерекшеліктер, Тұрақтылықты зерттеудің жүйелік тәсілі, Корпоративтік экологиялық менеджмент, Айналмалы экономиканың негіздері, Тұрақты даму саясатының негіздері және т.б.) оқу бағдарламаларын әзірлеу мен оқу материалдарын дайындау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алады.