Университеттің 64 оқытушысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырған 72 сағаттық «Жасанды интеллект және GPT-ге кіріспе» біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтады.

Оқу бағдарламасы 30 сағат онлайн-дәрістерді және 40 сағат практикалық сабақтарды қамтыды. Курс барысында қатысушылар тапсырмалар орындап, жасанды интеллекттің заманауи құралдарын меңгерді, ал оқу қорытындысы бойынша өз жобаларын қорғады.

Оқыту барысында оқытушылардың жасанды интеллект мүмкіндіктерін тану, онымен тиімді жұмыс істеу және ЖИ технологияларын білім беру үдерісіне енгізу дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық әдістемелерге ерекше назар аударылды.

Ualikhanov University профессор-оқытушылар құрамы мен университет қызметкерлерінің цифрлық құзыреттерін дамыту және білім беру бағдарламаларын одан әрі трансформациялау бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда.