11.10. және 12.10.2022 ж. қабылдау комиссиясы және институттар мен жоғары мектептердің өкілдері Ж. Б. Нұркина, Б. А. Нукиев, Ю. В. Лисицин, С. Ж. Сейтенова, А. М. Жиеналина, Л.И. Сафронова, Т.Ж. Демесинов, С.А. Абрамова, Р.А. Идрисов кәсіби бағдар беру мақсатында Көкшетау қаласының № 19, № 22 орта мектептеріне және Техникалық лицейіне барды.Кездесу барысында ЖОО қызметкерлері әлеуетті талапкерлермен жеке әңгімелесе алды, хабарландыру тақтасында оқуға түсу ережелеріне, білім беру бағдарламаларына және балалар түсе алатын кәсіптерге қатысты ақпарат қалдырды.Сонымен қатар, оқушыларды ақпараттандыру үшін буклеттер түрінде ақпарат қалдырылды.