Ш. Уәлиханов атындағы КУ-нің ғылыми жұмыс және өңірмен өзара іс-қимыл жөніндегі проректоры Айгүл Жакупова 2025 жылғы 1-2 сәуірде Гонконгта өткен AIUTA Asia International конференциясына қатысты.
Конференцияны Үшінші жастағы Халықаралық университеттер қауымдастығы (AIUTA) Қауымдастық президенті, профессор Франсуа Веллас пен Hong Kong Metropolitan University қатысуымен ұйымдастырды.
2025 жылғы 3-4 сәуірде А. Жакупова AIUTA басқарма мүшелерімен бірге Макао мен Шэньчжэнь қалаларындағы ересектерге арналған бірнеше білім беру орталықтарына барды.
Көптеген елдерде LLL дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар қабылданды, ал үшінші жастағы университеттер (U3A) өздерінің сәтті кейстерін ұсынды. Конференцияда ұсынылған жаңа идеялар мен үздік тәжірибелер Қазақстанда LLL дамыту үшін де перспективалар ашады. Ualikhanov University барлық жас санаттары үшін білім берудің қолжетімділігін арттырудың жаңа жолдарын зерттеуді жалғастыруда!