2026 жылғы 17 наурызда халықаралық қатынастар бойынша проректор Сағындыкова Жайлагүл ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Стратегиялық серіктестер Кеңесінің IV отырысына қатысты. Отырыста ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Гүлзат Көбенова, Стратегиялық серіктестер Кеңесінің атқарушы мүшелері, шетелдік серіктес университеттердің басшылары және Қазақстандағы шетелдік университеттердің филиалдары өкілдері болды.

Кездесудің негізгі тақырыбы - жоғары білімді жүйелі трансформациялау және оның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл бағыттағы Министрлік шешімдері мен бастамалары таныстырылып, талқыланды. Қатысушылар Қазақстанды халықаралық білім орталығы ретінде қалыптастыру, шетелдік серіктестіктер мен филиалдар желісін кеңейту, жаңа ілгерілету құралдарын енгізу және саланы қаржыландырудың жаңартылған моделін әзірлеу мәселелерін жан-жақты қарастырды.

Сонымен қатар, отырыс Қазақстанның халықаралық білім орталығы ретіндегі рөлін күшейту және Орталық Азияда CIMEA аймақтық кеңсесін орналастыру перспективаларын талқылауға арналды.

Стратегиялық серіктестер Кеңесінің отырысы тәжірибе мен пікір алмасу, бірлескен бастамаларды әзірлеу және білім саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды алаңға айналды.