Президент Жолдауын талдап түсіндіруге арналған кураторлық сағат
2023 жылдың 11 қыркүйегінде Тарих, география және ӘГП кафедрасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауына орай кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатқа кафедра меңгерушісі т.ғ.к. Өтегенов Марат Зеннатұлы, аға оқытушы Жахина Айнур Курманбаевна және “Ғылыми тарих” мамандығының 2 курс студенттерімен (ИстНК-221, ИстНР-222 топтары) бірге, куратор Киккаринов Еркін Баяхметұлы қатысты. Кураторлық сағаттың мақсаты - Жолдаудың мақсатын, міндеттерін, мазмұнын студенттермен бірге талқылау болды.Іс-шара кафедра меңгерушісі т.ғ.к. Өтегенов Марат Зеннатұлының кіріспе сөзімен ашылды. «Президент Жолдауы – еліміздің жыл сайынғы даму стратегиясын айқындап беретін маңызды құжат. Мемлекет басшысының әр жылғы Жолдауында Үкімет алдына қойған міндеттер кезең-кезеңімен орындалып, өз нәтижелерін беріп келеді». Құжатта ең басты міндет – халықтың әл-ауқатын көтеру екені айрықша айтылып, осы мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар міндеттер белгіленгенін атап өтті. Тарихшы студенттерге заманауи білім алу қажеттігі, рухани дамуына кафедра ПОҚ құрамы тарапынан қолдау көрсетілетіндігі айтылды.Кураторлық сағатта студенттер тарапынан қысқаша баяндамалар жасалып, Жолдау толықтай талқыланды. ИстНР-222 тобының студенті Ержанова Салина Президент жолдауы жайында баяндама оқыды. Сонымен қатар, Қайырлы Әлихан, Алдамжарова Дарина тарапынан сұрақтар қойылып, оларға жауаптар қайтарылды.ИстНК-221, ИстНР-222 тобының кураторы, Тарих, география және ӘГП кафедрасының оқытушысы Киккаринов Еркін Баяхметұлы өтілген кураторлық сағат барысында студенттермен жасалған жұмысқа баға бере отырып, қорытынды сөз сөйледі.