Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Румынияның Яссы қаласындағы «Александру Иоан Куза» университетінен шақырылған ғалым - профессор Михаил Евамен кездесті. Михаил Ева ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы аясында университетімізге шақырылды.
Профессордың сапары барысында дәрістер, студенттермен және оқытушылармен жұмыс кездесулері жоспарланған, сондай-ақ ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен бірлескен зерттеулердің перспективалары талқыланады. Жұмыстың басты бағыттары: өңір мен кампустың орнықты дамуына ГАЖ (ГИС) және көлік географиясын қолдану. Көкшетауға қош келдіңіз!