2023 жылдың 09-10 қазан аралығында университет қызметкерлері Көкшетау қаласының ТЖ басқармасымен бірлесіп, "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КЕАҚ жатақханаларының объектілерінде "Өрт және ТЖ жағдайында жүріс-тұрыс ережелері, сондай-ақ терроризм қаупі" атты өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу іс-шараларын өткізді.

​Іс-шара барысында Көкшетау қаласының ТЖБ инженерлері студенттерді өрт қауіпсіздігі ережелерімен, өрт және ТЖ кезіндегі іс-қимыл алгоритмімен таныстырды. Университеттің азаматтық қорғау және қауіпсіздік қызметі қызметкерлері студенттер арасында террористік шабуыл қаупі төнген жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы оқыту жүргізді.​Практикалық сабақтарда студенттер шұғыл эвакуациялау және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш) өрт сөндіру жағдайында студенттің іс-әрекеті бойынша оқудан өтті. ТЖБ инженерлері осы іс-шараға қатысушыларға өрт қауіпсіздігі ережелері туралы жадынамалар мен буклеттер таратты.