2023 жылғы 11-13 сәуір аралығында Ш.Уәлиханов атындағы КУ-де білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде Қазақстандық Заманауи (Элиталық) білім беру қауымдастығының (KazSEE) сараптамалық тобы жұмыс істеп жатыр.
Сарапшылар бакалавриат, магистратураның және докторантураның он білім беру бағдарламасының сапасын зерделейді, оқытудың шарттарын, ұйымдастырылуы мен нәтижелерін, кадр құрамын, ЖОО-ның материалдық-техникалық жай-күйін, инновацияларды, заманауи технологиялар мен оқыту әдістерін қолдану тәжірибесін, түлектердің бәсекеге қабілеттілігін бағалайды.
Сарапшылар тобы ЖОО басшылығымен, университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, оқытушылар, білім алушылар, түлектермен және жұмыс берушілермен әңгімелесу өткізеді.
Сарапшылар тобының мүшелері зертханаларға, мамандандырылған кабинеттерге, шеберханаларға, компьютерлік және мультимедиялық сыныптарға, практика базаларына, кафедра филиалдарына және т. б. барады.