2025 жылдың 12-15 мамырында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің орталық сайлау органдарының консультативтік платформасы аясында «Түркі әлемі: сайлау жүйелерінің дәстүрі, тәжірибесі және даму болашағы» деген тақырыпта, халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференциясы өте жоғарғы дәрежеде өтті. Онда Ш.Уәлиханов атындағы Университеттің профессоры, з.ғ.д. ҚАРЖАУБАЕВ Е.К. «Түркі әлеміндегі билерді сайлау және олардың сот процесіндегі рөлі» деген тақырыпта баяндама жасады.

Түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қаласында болған халықаралық ғылыми–тәжірибелік конференцияға 100-ден астам адам қатысты. Оған: Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Орталық Сайлау Комиссиясының (ОСК) төрағалары - Әзірбайжан Республикасынан - Мазахир ПАНАХОВ, Қырғыз Республикасынан - Тынчтык ШАЙНАЗАРОВ, Түрік Республикасынан - Ахмет ЙЕНЕР, Өзбекстан Республикасынан - Зайниддин НИЗАМХОДЖАЕВ, Қазақстан Республикасынан - Нұрлан ӘБДІРОВ), Түрік Мемлекеттер Ұжымының Бас хатшысы - Кубанычбек ОМУРАЛИЕВ), Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығының Бас хатшысы - Ин-Сик Чан, түркі ұйымдарының өкілдері, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі - Саясат Нұрбек, жетекші жоғарғы оқу орындары (ЖОО) мен ғылыми мекемелерінің басшылары, қазақстандық және шетелдік ғалымдар, ҚР ОСК жанындағы сарапшылық кеңестің мүшелері, саяси партиялардың өкілдері, қоғамдастық өкілдері, мемлекеттік органдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференцияға қатысушылар жиын соңында Түркі әлеміндегі сайлау жүйелерінің дәстүрлерін, тәжірибесін және даму перспективаларын талқылай келе, Түркістан қарарын (резолюциясын) қабылдады.