13-20 наурыз аралығында Ualikhanov University қабырғасында Наурыз мерекесінің жарқын күндері атап өтіледі. Бұл мереке мәдениеттің ұлылығын және халқымыздың ең жақсы дәстүрлерін бейнелейді. Бұл табиғат қана емес, адамның өзі де оянып, жаңаратын тамаша уақыт.
14 наурыз Көрісу күні барша қазақ халқының ұнатып тойлайтын мерекелерінің бірі. Бұл күні адамдар бір-бірімен амандасып, қал сұрасып, жақсылық тілейтін күн.
Бүгінгі күні Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде осы мереке аталып өтті. Мерекенің шырқын келтірген “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының студенттері. Қазақ қыздарына тән көркем келбет, қазақша нақыштағы киім мен бұйымдар көздің жауын алды. Үлкендердің құрметіне өлең айтылып, дастархан жайылды.
Ағалардың үстіне шапан, апаларымыздың үстіне қамзол кигізілді.Осылайша «Көрісу күні» біздің университет қауымы үшін өте қызықты өтті.