Қаңтардың 15-19 аралығында 2 курс студенттеріне арналған «Дизайн ойлау» курсы өтті, оған университеттің әртүрлі білім беру бағдарламаларынан 30-дан астам студенттер қатысты.

5 күн ішінде студенттер дизайн ойлаудың негіздерін меңгерді, проблемаларды анықтауды, оларды шешу үшін стандартты емес идеяларды табуды және ұсынуды, осы шешімдердің прототиптерін жасауды және оларды сынауды үйренді. Шабыттандыратын презентациялардан кейін әр студентке «Дизайн ойлау» курсын сәтті аяқтағаны туралы сертификат табыс етілді.

Курс оқытушылары: Белгибаева А.С., Евлоева А.С., Бекимова Г.Б., Евлоева Х.С.

Болашақ жоспарларға бұл курсты барлық университет студенттеріне тарату кіреді. Болашақты бірге жасайық!